"Нысана" тобының әзілкеші Дәнекер Оразбай ораза айында мұсылман қауымға өз өкпесін айтып, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
Өз видео үндеуінде Дәнекер Оразбай: "Әйеліммен ораза айында бір видео салып едім. Видеоның астына жұрт "хайуан", "діннен безгір", "оразамен ойнайын дедің бе" деген сияқты сұмдық сөздер жазыпты.
Былтыр да ораза айында қалжыңға құрылған видео салғам. Дәл сол видеоның түпнұсқасын арабтар түсірген екен. Мен соны көшіріп жасағанмын.
Ораза кезінде арабтардың өзі осылай қалжыңдап жатқанда, біздікілер "ораза!" Деп...Арабияда ораза айы мереке айы. Рамазан айында араб мұсылмандар кәдімгі біздегі жаңа жылғыдай мерекелік көңілде жүреді. Ал бізде қит етсе, "ораза!", "діннен безді" деп ұрсып шығады.
Мен актермін. Сахнада алқаштың рөлін ойнасам, "арақ ішіңдер" дегенді насихаттау емес қой!? Дәл сол сияқты әйеліммен түсірген видеоны да сынаудың керегі жоқ", деп өмірд тым қиындатпауға шақырды.