Threads әлеуметтік желісінде әнші Әлішер Кәрімов туралы сұмдық дүниелер жазылып жатыр деп жазады Democrat.kz.
"Осы жазбамыз Президентімізге дейін жетеді деп үміттенеміз. "Дос Мұқасан" ансамблінің жетекшісі Мұрат Құсайыновқа осы күнге дейін "Қазақстанның халық әртісі" атағы берілмеген.
Ал жас әнші Әлішер Кәрімов болса, бұл атақты алып қойды. Мәдениет және ақпарат министрлігі жас әншінің бұл марапатты қай еңбегі үшін алғанын түсіндіріп айтып берер деп сенеміз.
Нағыз қазақтың еңбек сіңірген қайраткерін қадірлемеу ұят"деп жазды gosrating парақшасы.
Парақшада шыққан осы жазбаның астына әнші Әлішер Кәрімовке қатысты сұмдық деректер жазылуда. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз салаған сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)


