Қайрат Сатыбалдының азаматтық некедегі бұрынғы әйелі Асылжан Есенқызы өз сұхбатында экс күйеуінің сақалдылармен қандай байланысы болғанын ашық айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Асылжан Есенқызы бұрынғы күйеуі Қайрат Сатыбалдының діндар кісілермен тығыз байланыста болғанын және оның не себепті олай байланыста болғанын айтып:
" Ол кісінің ортасы жабық. Көп адамдарға сене бермейді, құпияларын да айта бермейді. Тіпті маған да көп құпиясын айтпайтын.
Сақалдылар өздері оның "бір жеріне кіріп" сыйлайды. Себебі сақалдылар дінін жамылып, Қайрат Сатыбалдыдан көмек сұрай алатынын жақсы біледі. Расында ол да көмектесетін, қаншама мешіттер ашып, қаншама сақалдыларды жұмысқа алған.
Менің көмекшілерге, жанындағы адамдарына көңілім толмайтын кездер болды. Тәкаппарлықтан емес, ол адамдардың сауатсыз болғаны, тек исламмен шектеліп қалғаны ұнамайтын.
Мен оларға керісінше жаным ашып, оқысаңыздаршы, құран деп жүре бермей білім алыңыздар дейтінмін кезінде. Қайрат Сатыбалдының өзінен "Неге бүкіл қызметкерлерің тек сақалдылар?" деп сұрағанымда ол:
"Мен тек қана мұсылмандарға сенемін, олар мені бұл өмірде де, ақыретте де мені ешқашан лақтырмайды" деген жауап қатты. Сол кезде оның ой-өрісінің жеткен жері осы екенін түсіндім", деді.