Құлсары қаласындағы №6 орта мектептің 4 «А» сыныбы 21 сәуірде онлайн форматқа ауыстырылды. Мектеп оқушысының бірінен теміреткі жарасы шыққан деп хабарлайды Democrat.kz.
Санитариялық бақылау мамандары бұл аурудың жоғары жұқпалы санатқа жатпайтынын айтып, сабырға шақырса да, оқушылардың ата-аналары дабыл қағып, инфекция тарап кете ме деп қауіптеніп, балаларын үйлеріне алып кеткен.
Алғашқыда 22 сәуірден бастап оқу оффлайн форматқа көшеді дегенмен, артынша мектеп директорының міндетін атқарушы М. Иманқұлова ахуалды нақтылады.
Оның айтуынша, “4 “А” сыныбының бір оқушысынан “поверхностная микроспория волосиситой части голова” дерті тіркелген. Сынып дереу 24 сәуірге дейін онлайн форматқа көшірілген.
Сол күні бірінші аусымдағы барлық сыныптар 3-ші сабақтан соң сағат 10.35-те таратылып, оқу кабинеттері, дәліздер, әжетханалар, киім ілу бөлмесі, мектептің барлық бөліктеріне аудандық санитарлық эпидеомологиялық бөлім мамандары тарапынан дезинфекция жұмыстары жүргізілген.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары бұл жағдайда дүрбелеңге салынбауға шақырады. Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хабибуллиннің айтуынша, бұл ауру жоғары жұқпалы санатқа жатпайды