"Ішкі күйігін шығарып": Гүлзира Айдарбекова марқұм ағасына ЖИ-мен жоқтау арнады

"Ішкі күйігін шығарып": Гүлзира Айдарбекова марқұм ағасына ЖИ-мен жоқтау арнады

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ішкі қайғысымен бөлісіп, таяуда қайтыс болған ағасы үшін оқырмандарынан дұға жасауды сұрады деп жазады Democrat.kz.

"Анашым Зайфунун,ағасы өмірден озғанда “Әуелі сөзің басы еді-ау, жарқыным жез боп жасыды-ау” деген өлең жолдарымен жоқтау айтып, іш күйігін шығарып отырған сәттері әлі көз алдымда…

Міне сол қайғы менің де басыма да орнады. Өзім ерекше жақсы көретін ағам, сағынып кеттім, бір иіскеп, маңдайыңнан сүйіп кетсем деген бауырлар чатындағы голосовойлары әлі тұр. Жүрегімнің жылауын жырлау үшін осы өлең жолдарын ағама арнадым.Мен бұл әнді айтпақ түгілі, басын бастағаннан кеудемді өксік кернеп, тұншыға бастаймын.Сол себепті ИИ мен жоқтауымды өз оқырмандарыма жеткізгім келді. Араларыңызда мен ғана емес шығар бауырынан айрылған, сіздер де еске алып, құран бағыштап жүрсек, оларға басқа түкте керегі жоқ. Енді тек құранымыз ғана, баяғыдай дауысын есіту де, жаутаңдап жолымды күтпейді,бітті бәріде.

 Біз 5 ұл, 3 қыз едік, 4 бауырымызды ажал құшқан. Сабит ағамның әрбір жасап кеткен ісіне бүкіл қоршаған ортасы, көршілері тек разылығын айтып жүректері жылап тұрды.

 Алматының шетіне Бұлақты аулына жарық кіргізіп, тас жол салдырып, 100 тал егіп, соншалықты өте үлкен зиратты түгелімен қоршатып, араға көпір салдырып, мына жақтан жер алыңдар деп елге көмектесіп,тіпті арнайы бөлме арнап...

Алла біліп-білмей жасаған күнәларын кешіріп, жанын жәннатық етсін деп жазған дұғаларыңыз мен үшін ауадай қажет. Көп сұрауы, дұғасы қабыл болады деген! Алла алдынан жарылқасыншы бауырымның!", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Оқырмандары продюсердің қайғысына ортақтасып, көңіл айтып, марқұм ағасының жанының жай табуына дұға жасауда.

Барлық жаңалықтар