Sadaq.kz. арнасына сұхбат берген Есбатыр Сисенов талай қазақты "дінге тартқан" Исматулла мақсым туралы елге беймәлім деректерді айтып, жаға ұстатты деп жазады Democrat.kz.
Есбатыр Сисенов кезінде Исматулла мақсымның жамағатында болғанын, алайда діндарларға қойған "ыңғайсыз сұрақтары" үшін қысымға ұшырағанын айтып: "Исматулланың балаларының шетелде миллиондаған долларлық бизнестері бар. Исматулланың өзі отыз жылдан бері түрмеде отыр, ал балалары қалай шетелде шалқып өмір сүріп жатыр?
Былтыр Исматулла мақсымға кірмек болғанымда, мені қуып жіберді. Сол кезде оның туған бауыры Ахмет Тұрарбайдың үйіне бардым. Сол Ахмет Исматулланың балаларының шетелдегі бизнесі туралы фото, видеоларды көрсетті.
Исматулланың өзі "дүниеге қызықпаңдар" дейді. Ал балалары Түркия, Дубайда шылқыған байлықтың ішінде күн кешуде", дейді.
Сұхбат барысында мұнан да басқа Исматулла жамағатына қатысты сұмдық деректер айтылады. Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі арнадан көре аласыздар.