Мұсылмандардың алғашқы құбыласы — әл-Ақса мешіті — Салах ад-Дин Айюбиден бері алғаш рет, яғни 839 жылдан кейін мереке күні жабылды деп хабарлайды Democrat.kz.
Израиль 21 күн бойы Әл-Ақса мешітін ғибадат етушілер үшін жабық ұстап отыр. Өкінішке қарай, киелі мекеннің есігі қасиетті ораза айт мерекесінде де ашылмайтын болды.
Израиль тарапы мұндай шешімге қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында барып отырғанын бірнеше рет мәлімдеді.
Десек те қасиетті күні мұсылман қауымы ғибадат ету үшін баратын киелі мекеннің жабық болуы дін өкілдерінің ренішін тудырып отырғаны жасырын емес.