"Жаның жәннаттық болсын": Гүлзира Айдарбекова қаралы хабарды жеткізді

"Жаның жәннаттық болсын": Гүлзира Айдарбекова қаралы хабарды жеткізді

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасымен бірге қайғырып отырған ауыр жағдай туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"3 күннен бері Сәуле сіңлім әрі құрбымды историяма салып жатқаным, қуанған да, қайғырған да сәтімізді де жасыра алмайтынымыз рас, сіздермен бөлісеміз.

Екі түн мүлдем ұйықтай алмадым, Гүлеке деп ыржиып кіріп келіп қалатындай, қоңырау соғатындай. Ташкентке концертке құда-құдағыйларымызбен бірге барып, ары қарай бірге демалыс орындарына барып демаламыз деп, келісіміз бойынша Шымкентке демалыс ұйымдастырып, ертерек ұшқанбыз.

Ұшақтың қонғаны сол, қаншама пропущенный звонок. Құрбыларым да, бала-шағам да суық хабарды естіп, тоқтамай звондай берген ғой. Жаным тыныш таппай, қонақтарымды тастап, қайта ұшып кеттім. Ең болмаса жер қойнына Саулешімді жерлемей тұрып, көзіммен көргім келді. Үйіне бардым,кірдім көрдім, моп-момақан болып ұйықтап жатыр, өзіде өте сабырлы еді. Кешкі қонақ асына бауырлары, құрбыларым жиналып күтіп отыр екен, жылауда- жылау болып түнде үйімізге тарадық .

Бүгін Ташкентте концертіміз, Жұлдыз, Заңғар,Индираға сендер жаназасына, құранға барыңдар, Сауле туған сіңлімдей жақын екенін білесіңдер деп, өзім амалсыз қайта ұшып кеттім, ия анашым деп түгел барып, көңіл-күйлері түсіп қайтты. Келгендердің бәрі, ерлер де әйелдер де егіліп жылап тіптен сөйлей алмай қимастықтары", деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Барлық жаңалықтар