Танымал әншілер Жанболат пен Жазираның ұлы үйленіп, қалыңдыққа құда түсіп, сырға салынып, қазақтың барлық салттарын орындады. Әншілер болашақ келіндерінің қалыңмалына қанша бергені мәлім болды деп жазады Democrat.kz.
Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде үздіксіз тарап жатқан Жазира мен Жанболаттың ұлының үйлену рәсіміндегі келесі бір "маңызды" сәт келінге берілетін қалыңмал сомасы болды.
Әншілер келіндерінің қалыңмалы үшін он миллион теңге берді. Ол ақшаны да арнайы қорапқа салып, табыстады.
Мұнан бөлек, ана сүті, әке еңбегі деген кәделер үшін де ақшалай сыйлық жасалып жатты.
Жұрт "қалай берсе де, жарасады ғой", "мақтаншақтық", "мәселе ақшада емес, жастар бақытты болсын", "кезінде Сәкен келініне үш миллион қалыңмал беріп еді", "Сәкенің қалыңмалға берген үш миллионын онлайн тойдың ақшасымен өтеп алды ғой", "бізге де жұғысты болсын" дегенге саятын пікірлер жазуда.