Мәжілісте арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заңдарға түзетулер енгізу мәселесі қаралады. Депутаттардың ұсыныстарының арасында ҰҚК-ге мектепке дейінгі оқу орындарын діни және террористік насихат тұрғысынан тексеруге мүмкіндік беру идеясы айтылды деп хабарлайды Democrat.kz.
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан: "Заң жобасы экстремистік сипаттағы материалдарды сақтауға тыйым салуды айқындайды және бұл процесті бақылауды ҰҚК-ге беруді көздейді.
Алайда, ақпарат тек әдебиет арқылы ғана емес, білім мен тәрбие арқылы да таратылады. Қазір біздің елімізде мемлекеттік балабақшаларда орын тапшылығы проблемасы бар, ал балаларымызға жеке бақшаларда қандай білім берілетіні кейде түсініксіз. Бұл құбылыс әсіресе Батыс Қазақстанда жиі кездеседі, Маңғыстау облысында осындай фактілер орын алды.”
Осы мәселеге қатысты әлеуметтік желіде ақпарат таратқан Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов "еліміздегі жеке балабақшаларды діни пропаганда жасап жүрген-жүрмегенін жіті тексеру керегін" айтады.