Жұмабек Жанықұлов бұрынғы әйелі туралы өз шындығын айтты

Жұмабек Жанықұлов бұрынғы әйелі туралы өз шындығын айтты

Танымал блогер Динара Сәтжанның күйеуі, кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов таяуда "Әділет" партиясының съезіне қатысып, сол жерде журналистің ерекше сұрағына жауап берді деп жазады Democrat.kz.

Журналистің "бұрынғы әйеліңіз жақында шулы мәлімдеме жасап, сіздің әкелік міндетіңізді орындамай жүргеніңізді айтты. Қалай ойлайсыз, неге бұрынғы әйеліңіз бұлай мәлімдеме жасады?" деген сұрағына кәсіпкер жауап бергісі келмей, біраз тұрды.

"Мен өз міндеттерімді орындадым, орындап та жүрмін. Ал бұрынғы әйелімнің ондай мәлімдемені неге жасағанын мен білмеймін. Ал сотқа жүгінуге әрбір азаматтың өзіндік құқығы бар ғой. Неге сотқа жүгінгенін мен білмеймін", - деді Жұмабек Жанықұлов. 

Жұрт бұл видеоға қатысты "Динара үйретіп қойған ғой", "түрі бар болсын", "барлығы дұрыс болса, әйелі эфирге шықпас еді" дегенге саятын пікірлер жазуда. 

Барлық жаңалықтар