Кешір мені..." деген Қалдыбек Құрманәлі ауыр жағдай туралы айтып, оқырмандарын жылатты

Кешір мені..." деген Қалдыбек Құрманәлі ауыр жағдай туралы айтып, оқырмандарын жылатты

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ауыр қайғы туралы жазба жариялап, марқұм ақын Бекжан Әшірбаевтың қазасына орай естелігін айтты деп жазады Democrat.kz.

БЕКЖАН БАУЫРЫМ, КЕШІР МЕНІ…
КЕШІГІП ҚАЛДЫМ…

Ауылда едім. Тасқұдықта…
Ауа-райы +40 градус ыстықты көрсетіп тұрды… Жаралы жүрегімнен секем алып, күндіз-түні желдеткішті қосып, жан сақтап отырған кезім болатын…

Бекжан бауырым телефон шалды.
- Қал-аға, сіздің танымайтын дәрігеріңіз жоқ қой, мені ауруханаға жатқызбасаңыз, жағдайым күннен күнге қиындап барады - деді…
- Уайымдама, 10 күннен кейін Алматыда боламын, жолығып, ақылдасамыз… Мықты, білгір дәрігерлерге өзім ертіп апарып, денсаулығыңды көрсетемін - деген едім…

БЕКЖАН БАУЫРЫМ, КЕШІГІП ҚАЛДЫМ…
КЕШІР МЕНІ…

Жаралы жүрегім сыздап, ішім қан жылап тұр…

…Тағдырдың салған ісіне,
Не істерсің, жаным, не істерсің?…

Бақұл бол, бауырым!.."-деп жазды Қалдыбек Құрманәлі. 

Барлық жаңалықтар