Әлеуметтік желіде Балым есімді уағызшының айтқан ауыр сөздері қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде Балым есімді уағызшы "түнгі клубқа барған қыздарды сол жерде өлтіріп кетсе, олардың обалы жоқ" дегенге саятын жазба жариялады.
Діндар әйелдің бұл жазбасына қатысты танымал коуч Роза Әшірбай: "Ұстаз, үкімін айтып жіберіңізші, әйелдер үйлерінде өлсе обалы бола ма?
Мысалы Талғарда күйеуі екіқабат әйелін 5 жасар қызымен ұйықтап жатқан жерінде пышақтап өлтіріпті.
Жалпы әйелдер қай жерде өлгені дұрыс? Қай жерде жүргені дұрыс?Меккеге қажылықта жүрсе де еркектер домогаться етеді, хиджапта жүрген қыздарды да зорлайды.
Кішкентай қыздарға да тыныштық жоқ.Кішкене реальностқа бері қарай шығасыздар ма? Статистика, жаңалықтар қарап, зерттеулер оқисыздар ма?"деп өткір сынады.
Мұнан бөлек, әлеуметтік желіде Балым діндардың бұл сөздеріне қатысты жұрт:
"Балым ұстаз, статистиканы бір қарап шығыңыз, клубта “өлген” қыздар саны мен үйінде “өлген” әйелдер санынан көп пе, аз ба?
Жалпы адамға өлген деп айтпайды деуші еді. Раббысына қандай күйде, қай жерде болсын қайтады деуші еді.
Обалы жоқ деудің өзі, үкім сияқты екен, адам адамға үкім шығармайды деуші еді.Адамға өлді демейтін Исламда, “өлгендерге” обалы жоқ деп Исламды таныттыңыз Ұстаз".
"Балым ұстаз, клубқа баратын сол жақта өлетін қыздардың обалы жоқ болса, хиджап киіп,намаз оқитын қыздарды мешітте жарып кетсе обалы жоқ деп ойлаймыз онда.
Тіл тигізбейін десең, оранғандар өздері үйстіп тілді қышытады,өздерің ерекше санайды, оранбаған тозақтық әйелдерден биікпіз деп есептейді, солай жазады, ал біз бірдеңе десек орамалдыларға тиісе береді дейді, режиссерге көзіңізді ашқаны үшін алғыс білдіріпсіз, сіздің постыңызға да рахмет, кей орамалдылардың шын бет бейнесіне,санасына көз аштыңыз!" Дейтін пікірлер жазып, реніштерін білдіруде.
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.


