Көкшетау: күш пен рухтың сынағы

Көкшетау: күш пен рухтың сынағы

8–9 қараша күндері Көкшетау қаласында «Дала Қырандары» қозғалысына үміткерлер үшін сынақ өтті деп жазады Democrat.kz.


Таң ертең жаттығу мен қысқаша нұсқаулықтан басталды — әрі қарай нағыз сынақ: 3000 метр және Купер тесті (секіру, қолды бүгіп-жазу, іш бұлшықеттеріне арналған жаттығу).
Әр қатысушының өз мақсаты бар.
Бірі бұрынғы нәтижесін жақсартқысы келді, бірі өз шегін сынап көруді жөн көрді.


Маңыздысы — берілмеу және соңына дейін жету.
Алғашқы минуттардан-ақ ерекше атмосфера орнады: достық қолдау, жігер мен қозғалыс рухы.
Тәжірибелі қырандар қасында жүріп, күшті дұрыс бөлуге және ритмді сақтауға көмектесті.
Алаңда медицина қызметкерлері кезекшілік етті, төрешілер нәтижелерді мұқият тіркеп отырды — бәрі нақты, әділ және шынайы.

«Қыран — тек күшті адам емес. Ол – уәдесінде тұра алатын, берілмейтін және соңына дейін жететін тұлға», — деді ұйымдастырушылар.

Барлық жаңалықтар