Әлеуметтік желіде тараған мұғалімдер туралы нағыз шындықты білдіретін видео желі қолданушылардың қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
ТикТок желісінде тараған видео қазақстандық мұғалімдердің жан айқайын дөп басып жеткізгені туралы айтылады.
"Көз жасын тия алмай, отпускасын қия алмай, шетелді қоя берші, суға түсуге бара алмай, бұл мұғалім жұмысқа шығып барады, бұл қалай?" деген жазбамен тараған видеода шашы жалбырап, арып-аршыған мұғалімнің мектепке қайта жұмысқа келгені керемет көрсетіліпті.
Аталмыш видеоны көрген ұстаздар қауымы "мынау мен ғой" десіп, өздеріндегі жан айқайды дәл жеткізген авторға алғыс білдіруде.
Ресми еңбек демалысының ақшасы мен уақытында не істегенін айтқан ұстаздар "алған ақшамызды қарыз бен кредит жабуға жұмсадық", "үйдің ремонтына да жетпеді", "шетел түгілі ел ішіндегі демалыс орындарына бара алмадық", "түк те бітірмедік демалыста" дегенге саятын пікір жазып, алда қарбалас күндер күтіп тұрғанын бір біріне ескертіп жатыр.