Қазақстандық трансгендер-блогер Niko Nett жеке өміріне қатысты тағы бір мәлімдеме жасап, әлеуметтік желіні қызу талқыға салды. Бұл жолы блогер болашақ жарының қай ұлттан болғанын қалайтынын ашық айтты, деп жазады Democrat.kz.
«Өзіме қазақ, қырғыз немесе өзбек күйеу қалаймын», – деп жазды Niko Nett Threads парақшасында.
Жазбаға блогер өзінің екі суретін тіркеген. Жарияланымда орналасқан жер ретінде Ташкент, Өзбекстан көрсетілген.
Блогердің бір ауыз сөзі желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызған. Бір қызығы, пікір қалдырғандардың арасында әзілдегендер ғана емес, Niko Nett-пен шынымен танысуға ниет білдірген ер адамдар да бар.
«Мен қазақпын, құда түсуге жараймын»
Пікір қалдырған Ержан есімді қолданушы:
«Қайырлы кеш! Мен қазақпын, құда түсуге жараймын», – деп жазған.
Оған басқа қолданушы:
«Ержан, брат, мүмкін керек емес шығар?» – деп әзілмен жауап берген.
Бірақ Ержан жалғыз емес.
Тағы бір ер адам Niko Nett-ке:
«Менің әйелім боласың ба? Алланың разылығы үшін отбасы құрғым келеді», – деген ұсыныс жасаған.
Бұл пікірдің астында бірден діни тұрғыдан қарсылық білдірген жауап пайда болған.
Ал тағы бір қолданушы:
«Сәлем, Ника. Сенімен жақынырақ танысқым келеді. Қарсы болмасаң, мүмкін бір-біріміз үшін жаралған шығармыз?» – деп жазған.
Ташкенттен 50 жастағы ер адам да үн қатты
Жазбаны Өзбекстандағы қолданушылар да байқап қалған.
Тохир Кадирходжаев есімді азамат:
«Қайырлы кеш! Мен Тохир Кадирходжаевпын. 50 жастамын, Өзбекстаннан, Ташкент қаласынанмын», – деп өзін таныстырған.
Оның пікіріне де өзге қолданушылар бірден араласып, Niko Nett туралы түрлі жауап қалдырған. Олардың кейбірі кемсіту сипатында болғандықтан, сөзбе-сөз келтіруді жөн көрмедік.
«Нико, сен әлі жассың, табасың»
Жазбаның астындағы ең жылы пікірлердің бірін әлеуметтік желі қолданушысы Аяулым Нарик қалдырған.
«Блиииин, Нико, сен әлі жассың, табасың. Бірінші мен тауып алайыншы, 30-ға келемін», – деп әзілдеген ол.
Бұл пікірдің өзіне 1,6 мыңнан астам реакция жиналған.
Ал ең көп қолдау тапқан пікірлердің бірі:
«Ұйғыр ұйғырға шығу керек, брат», – деген жазба болған. Скриншот түсірілген сәтте бұл пікір 6 мыңнан астам реакция жинаған. Оның астында тағы бір қолданушы «қазақтарда трансгендер адамдар жоқ сияқты айтыпсың» деген сарындағы жауап қалдырған.
Тағы бір желі қолданушысы қырғыздар мен өзбектерге қарата әзілдеп:
«Қырғыздар, өзбектер, қараңыздар, қандай сұлу. Қазақстаннан лайықтысын таба алмадық, мүмкін сіздерден табылар?» – деп жазған.
Пікірталас кемсітуге де ұласты
Алайда жазбаның астындағы пікірлердің бәрі әзіл немесе танысу ұсынысымен шектелмеген.
Бірқатар қолданушы Niko Nett-тің гендерлік болмысына қатысты әдепсіз, мазақ және кемсіту сипатындағы пікірлер жазған. Енді біреулер некеге, дінге және бала мәселесіне қатысты дауларға көшкен.
Басқа қолданушылар керісінше мұндай сөздерге қарсылық білдірген. Мәселен, бір пікірде Niko Nett-ті сырт келбетіне қарап кемсіту орынсыз екені айтылса, тағы бір қолданушы дөрекі пікірлерді «біз бұған күлуіміз керек пе?» деп сынаған.
Осылайша бір ғана «күйеу іздеймін» деген жазба астында танысу ұсынысы, әзіл, діни пікірталас және ашық кемсіту қатар жүрген.
Niko Nett тұрмысқа шығу арманын бұрын да айтқан
Айта кетейік, бұл блогердің тұрмыс құру туралы алғашқы мәлімдемесі емес.
2025 жылдың қазанында Niko Nett әлеуметтік желіде қалыңдық көйлегін көрсетіп, бір күні тұрмысқа шықса, ақ көйлек кигісі келетінін айтқан. Сол кезде де блогердің жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланған.
Ал одан бір ай бұрын Kursiv басылымы Niko Nett-тің жеке өмірі туралы ашық әңгімесін жариялаған. Блогер сол кезде бір айға жуық кездескен серігімен қарым-қатынасын тоқтатқанын айтқан еді.
Демек, Niko Nett-тің отбасын құруға ниеті аяқ астынан пайда болған тақырып емес.
Тек бұл жолы блогер талабын барынша қысқа әрі нақты қойған: болашақ жары қазақ, қырғыз немесе өзбек болғанын қалайды.
Ал желідегі реакцияға қарағанда, бұл ұсынысты естігендер арасында әзілдегендер де, қарсы шыққандар да, тіпті өзін «күйеулікке кандидат» ретінде ұсынғандар да аз емес.