Мектеп оқулықтары балаларды қинап, жылатып жатыр

Мектеп оқулықтары балаларды қинап, жылатып жатыр
"Мынау не сұмдық?" деген Берікхан Тайжігітов мектеп оқулықтарындағы сорақы жағдайды айтып, дабыл қақты деп жазады Democrat.kz.
 
"Ағайын, балаларымыз орта мектепті бітірмей-ақ невроз ауруына шалдығып, сілікпесі шығады екен! "Әліппе" кітабында бірінші сыныптың баласына берілген тапсырманы қараңыз.
 
7 жасар бала тұрмақ үлкен адам тілін сындырып, безіп кететіндей. Бірінші сыныпқа келгеніне бір ақ ай болған бала қазір "апа", "ата", "ана" деген сөздерді емес жаппай жаңылтпаш жаттап жатыр. Мәселен бүгінгі тапсырманы қараңыз:
 
Әсет атам ет асатар
Ет асатса 5 асатар.
 
Ал енді осыдан екі-үш күн бұрынғы оқыған сөздері мынау:
 
Анау -Қаратау.
Ол-қала.
Қанат, қала арала.
Ақыл, отын тасы.
Асыл, алты асық ал.
"Р"-ға тілі келмейтін немерелеріміз жаңылтпаш жаттай алмай, жаппай жылап жатыр"деп жазды Берікхан Тайжігітов.
 
Оның бұл жазбасына қатысты дәл осындай қиындықтың зардабын тартып жүргендер түрлі пікір жазуда. 
 
Барлық жаңалықтар