"Мен де адастым" деген әнші Төреш халыққа үндеу жасады

"Мен де адастым" деген әнші Төреш халыққа үндеу жасады

Әнші Төреш жазба жариялап, оқырмандарына үлкен ой салды деп жазады Democrat.kz.

"Бір кездері мен де адастым. 
Қателестім.
Біреуді ренжіттім.
Біреудің үмітін ақтай алмадым.
Сол үшін шын жүректен кешірім сұраймын.

Бірақ жүрек әлі тірі.
Сенім әлі бар.
Мен енді бәрін қайтадан бастауға бел будым.
Өзімді — ішкі адамымды — қайта табуға тырысамын.
Отбасымның тірегі, елімнің азаматы, жастарға үлгі болғым келеді.

Астанаға көшіп келдік.
Жаңа қала. Жаңа өмір. Жаңа команда. Жаңа парақ.
Жаңа-ескі-жаңа продюсерімде қасымда.
Бәрі нөлден басталып жатқандай.
Жанымда сенетін жандар бар — солармен бірге қайтадан көтерілгім келеді.

Мен өнерден кеткен жоқпын.
Өнер — менің өмірім.
Бұл менің тынысым.
Мен әрдайым елімнің мәдениетіне, халқымның жүрегіне қызмет еткім келеді.

Кім қолдайды — рахмет.
Кім күмәнданады — түсінемін.
Бірақ мен енді бұрынғы Төреғали емеспін.
Мен — бүгінгі, шынайы, өмірге қайта оралған Төре ұлдарыңызбын!" деп жазды Төреғали Төреәлі. 

Барлық жаңалықтар