Меруерт Түсіпбаева күйеуге шығу туралы ойы барын айтты

Меруерт Түсіпбаева күйеуге шығу туралы ойы барын айтты

Әнші Меруерт Түсіпбаева ішкі сезімдерге қатысты жазба жариялап, оқырмандарына маңызды бір сұрағын қойды деп жазады Democrat.kz.

Әнші  қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан әйелдердің айғайлап "зб" деп ішкі ренішін дыбыспен сыртқа шығару терапиясының видеосын бөлісіп: "Жақында , Ақтауда @akzer_bagdauletkyzy - мен бірге мен #звукотерапия курсын өткіздім ….

Бұлай боқтаған жоқпыз әрине, бірақ дыбыс арқылы , расында да , тұрып қалған застойдағы энергияны , агрессияны шығаруға болады !!

Адам дүниеге келгенде , 99,9 % жылап , яғни дыбыс шығарып келеді ғой. Дыбыс арқылы емделуді - звукотерапия дейміз . Айтайын дегенім , осы видеоны 3 отбасы бар құрбыларыма жібердім , ( байлары бар , жалпақ тілмен айтқанда ) солардың үшеуі де —- бұлардыкы дұрыс деді .

Осы әйелге барып , мына топпен бірге айқайласам ғой деді. Сенесіз бе? ойланып қалдым , шынымен , кейде күйеуге шықсам ба ? - деген ойлар болады менде. Сонда менің опрос жасаған құрбыларым соншама шаршаған ба , жұбайларынан ?Ал , сіз ше ?? Тек шынайы жауап болсыншы қыздар"деп жазды. 

Барлық жаңалықтар