Тынышбай Рахымның сөзіне жазылған «Алтайдың ар жағынан келген ару» әніне кавер жасаған Гүлмира Ізбасқан өнердегі әпкесінің қатал сынына ұшырады, деп жазды Democrat.kz.
«Бұл әннің мағынасында тарыдай шашылған қазақтың трагедиясы барын ұмытпаңыздар. Марқұм Тынышбай ағамыз Қытайға барған кезде қанша Қытайдың арасынан қазақтың қызын көріп, жанына бара алмаған,қазақша сөз айтып, қолын ұстай алмай, арманда кеткен. Бұл әннің «Атамекен» әні сияқты өзінің үлкен мән мағынасы бар. Сондықтан бұлай орындауға болмайды», – дейді белгілі әнші.