Министр Ғани Бейсембаев халық үшін маңызды бір қадам жасады – енді балабақша қаржыландыруы тікелей балаға бөлінеді депхабарлайды Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Енді ата-ана баласын қай балабақшаға беретінін өзі таңдайды.
Бұл әдіс арқасында 93 мың бүлдіршін орынмен қамтылып, бюджеттен 7,7 миллиард теңгеден астам қаржы үнемделді.
Қыркүйектен бастап жаңа жүйе барлық өңірге тарайды.
Жаңа оқу жылында:
«Тілге бойлау» мен «Беске дейін үлгер» бағдарламалары арқылы балалар қазақ тілін ерте меңгереді;
100 балабақшада еңбекке баулитын жоба сынақтан өтеді.
Елімізде 1 миллионнан астам бала тәрбиеленетін 11 800 балабақша бар.