Мирасқа таласқан тоқал-бәйбішенің масқарасы: Адвокат сұмдық оқиға туралы айтты

Мирасқа таласқан тоқал-бәйбішенің масқарасы: Адвокат сұмдық оқиға туралы айтты
Танымал адвокат Ләззат Ахатова "тоқалды заңдастыру керек" атты депутаттың пікіріне қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
“Бәйбіше, тоқал” тақырыбын айта берді деп сөкпеңіздер) Өзім куә болған бір жағдай туралы айта салайыншы)
 
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қызылордада бір ірі кәсіпкер қайтыс болып, әйелі бес баламен артында қалды. Бір баласы ауру. Әлгі кәсіпкердің қалада бірнеше бизнес ғимараттары бар. Заң бойынша мұрагерлері - әйелі және балалары. Заңды некедегі әйелі қайғыдан есін жинап, марқұм күйеуінен қалған бизнеске ие болып, балаларыма бөліп берем деп жүргенде, қызық басталды.
 
Әлгі танымал кәсіпкердің басқа әйелден туған қызы бар екен) Аяқ астынан мұрагерлікке талас басталып кетті.
 
Марқұмның мүліктері заңды некеден туған (біреуі науқас) бес баласы мен әйелінен бөлек, тағы бір перзентіне теңдей бөліну керек деген талаппен некесіз туған баланың шешесінен арыз түседі.
 
Ал тоқал кім дейсіздер ме? Бір аудандық соттың төрайымы! Ал ол қызды судья екінші некесінен туған. Яғни екінші күйеуінен. Ол күйеуі алдыңғы отбасын тастап, сол әйелге үйленген. Біраз жыл тұрып, соңғысымен ажырасып, қайтадан өз отбасына оралған. Сол некеден бір бала дүниеге келген.
 
Ал ол қыз бала заңды некеде туғанымен, оның әкесімен ажырасқан соң, жаңағы қайтыс болған кәсіпкердің өз келісімімен, соның атына жаздырылған. Марқұм ол баланы көзі тірісінде менің балам деп мойындаған. Күйеуі болғанмен, ол қызды сол кісіден туыпты-мыс. Бірдеңе түсіндіңіздер ме?
 
Біздің де миымыз атала болып еді, бұл істі жүргізгенде) Біз дегеніміз - сол даумен айналысқан адвокаттар тобы.
 
Ал ең қызығы ол топта кешегі тоқал мәселесін заңдастыруды ұсынған Абзал Құспан әріптесіміз де бар болатын. Яғни сол істі бірге жүргіздік. Бір емес, бірнеше іс қатар жүріп жатқан болатын.
 
Абзал мырзаны өз басым құрметтеймін. Кәсібилігіне, біліктілігіне, азаматтығына еш дауым жоқ. «Платон досым болғанмен, ақиқат қымбат» деп, популист болмай-ақ қояйын)
 
Десек те, менің тура айта салатыныма депутат боп кеткен әріптесіміз ренжімес. Ешқандай мұқату, немесе ел алдында талқылап, абыройын түсіру деген сияқты мақсатым мүлде жоқ.
 
Балалардың құқығын қорғау керек деген ой айтқан соң, мүмкін ол кісінің ойын біз басқаша түсініп, басқаша қабылдап отырмыз ба деп, ой елегінен өткізіп жатқаным.
 
Тек түсінбегенім- сонда Әбекең бәйбішенің, яғни заңды әйелінің балаларының құқығы үшін күресіп еді. Әжептеуір даулы іс болды. Ол істер туралы, орын алған заңсыздықтар туралы осы желі бетінде жариялап та отырдық.
Сонда заңды күйеуі бар әйел де бай еркекке тоқал бола бере ме деп аң- таң болғанбыз. Оның үстіне жай әйел емес, сот саласында басшы, “қара қылды қақ жаратын”, судья. Иә, судьялардың этикасы ол жағынан қатаң.
 
Кәсіби заңдарында судьялар бейәдеп қылықтарымен көзге түспеу керегі, репутациясы барынша таза, “түзу жолмен” жүру керектігі айқын жазылған.
 
Ал енді заңды күйеуінен туған қыздың туу туралы куәлігін өзгертіп, қалай бөтен еркектің атына аударылғаны туралы сот шешімін оқығанда, шок болғанбыз. Талай заңсыздықты көріп ек, дәл мынадайды көрмедік дедік.
 
 Ол жайттарды тағы қайталап жазбай-ақ қояйын. Жалпы түсінікті болсын деп айтып жатқаным. Қысқасы сол қыз балаға марқұмның артында қалған мұрасынан тиесілі үлес беруін талап етті, анасы. Заңды жақсы біледі, судья ғой)
 
“Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің” дегендей, қызықтың көкесі қыздың әкесі, яғни судьяның екінші күйеуі сотқа қызының басқа еркектің атына заңсыз өтіп кеткені туралы, ол жайлы бейхабар екені жайлы талап арыз түсіргенде, болды)
 
Обшым, шым-шытырық боп, ол істер бір жылдан көп уақытқа созылды.
 
Айтайын дегенім-заңнамада “тоқалдан” туған балалардың құқығы шектелмеген. Кімнен туса да, заңды некеде ме, “заңсыз некеде” ме, “көше некесінде” ме, маңызды емес.
 
Әкесі екені ресми растала ма, болды. Сол факт қай әйелден туса да, кез-келген баланың әкесінің мүлкіне мұрагер болуына негіз боп табылады.
Сонда біз кімнің құқығын қорғағалы жүрміз?..деп жазды адвокат. 
Барлық жаңалықтар