Белгілі әнші, продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында таяуда гастрольдік сапармен Қырғыз еліне барып қайтқанын, сол сапар барысында өткен кездесулері туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Қырғыз еліне жасаған шығармашылық сапарым аясында тағы бір үлкен тарихи сәт орын алды. Арнайы шақыртумен Қырғыз Республикасының Парламенті — Жогорку Кенешке барып, ел өкілдері және депутаттарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында бауырлас екі елдің мәдени байланысы, өнердегі ортақ құндылықтар мен рухани серіктестік туралы жылы жүздесу өтті. Қырғыз халқының қазақ өнеріне, оның ішінде менің шығармашылығыма деген ерекше ықыласы мен құрметіне дән риза болдым.
Парламент қабырғасындағы бұл қабылдау — тек маған емес, бүкіл қазақ мәдениетіне көрсетілген жоғары ілтипат деп білемін. Қонақжайлылық танытып, төріне шығарған бауырлас қырғыз халқына, депутаттар корпусына шын жүректен алғыс айтамын! Екі елдің достығы мен мәдени сабақтастығы мәңгілік болсын!"деп жазды Мөлдір Мұқанова.