Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жас кезінде басынан өткен ауыр жағдайды айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Продюсер Гүлзира Айдарбекова жас күнінде бір қаралы хабардан кейін тоқтаусыз түсік тастап, алты бірдей сәбиінен айырылғанын айтты.
"Бір күні ауылға хабарластым. Ол кезде қазіргідей мобильді телефон жоқ.
Телефонды орысшалау бір жеңгеміз алып, "ағаң қайтыс болды" дей салды.
Қайрат ол кезде кішкентай. Ішімде екі айлық сәбиім бар еді. Қаралы хабарды дұрыс жеткізбегеннің кесірі ғой, қай ағам қайтыс болғанын білмей, қатты қайғырып, ішім бүріп ауырды.
Салдарынан сол сәбиімді түсіріп алдым. Одан кейін көтерген сәбиім де түсіп қалды. Содан матка ойнамалы боп қалады екен ғой.
Бір емес, тоғыз сәбиімді солай түсіріп алдым", деген Гүлзира ханым терең бір күрсінді.