Омар Жәлелдің тоқалы бәйбішеден кешірім сұрап, сұмдық сұхбат берді

Омар Жәлелдің тоқалы бәйбішеден кешірім сұрап, сұмдық сұхбат берді

Абайтанушы, ғалым Омар Жәлелдің тоқалы болған Ләззат Мырзаш отбасылық өмірде көрген қорлықтары мен қиындықтары туралы айтып, сұхбат берді деп жазады Democrat.kz. 

Ләззат Мырзаштың айтуынша, әу бастан тоқал болуға Омар Жәлел көндіріп, бәйбішенің келісімі барын айтып, сендірген. 

Әйтсе де, Түркиядағы оқуын тастап, елге келгенінде Омар Жәлелдің бірінші әйелі "бала туып бересің" деп қарсы алған көрінеді. 

"Күндестің күлі де күндес деген рас екен. Омардың бірінші әйелімен арамыз мен жүкті болғаннан бастап бұзылды. "Түркияңа кет" дейтінді шығарды. 

Аяғым ауыр кезде "Омарға үшінші әйел әперем" деп бастады. Ішімдегі баланы "бәйбішеге бересің бірінші баланы" деп талап қойды. 

Кейінірек бәйбіше Меңдігүл Ақтаудан Омарға үшінші әйелді Астанаға көшіріп әкелді. Мұнан кейін төртінші әйел де әперді. 

Омар Жәлелден  туған балаларымды өзім өсіріп, бағып, жетілдіремін. Ол іздемесе де, ренішім жоқ. Алайда осы сұхбатты пайдаланып, бәйбіше Меңдігүлден артық кеткен жерім болса, кешірім сұрағым келеді", деген Ләззат Мырзаш Омар Жәлелмен ұрпақ көбейту үшін бас қосқанын да айтты.

Дайындаған Хақназар САДЫРХАН.  

Барлық жаңалықтар