Қоғам қайраткері әрі жазушы Омар Жәлел мен Ләззат Мырзаш арасындағы жанжал тағы да ел назарын өзіне аударды. Бұл жолы жас келіншек Омар Жәлелді сотқа беретінін ашық айтты, деп хабарлайды Democrat.kz.
Ләззат Мырзаш бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Таңертеңнен бері бәріңіз жолдаған Омардың постын оқыдым. Өзіне өзі жауап бере алмағаны үшін, балалары үшін жауапкершіліктен бас тартқаны үшін сотқа беремін деп шештім. Өз балаларын – мен 9 ай көтеріп, толғатып туған ұрпағын – құнсыздандырғаны үшін де сотқа беремін.
Биыл маскалар шешілетін жыл! Маған жәрдем бере алатын адвокаттар болса, жекеге жазыңыздар немесе осында белгілеңіздер», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары екі тараптың да пікірін қызу талқылап жатыр.