Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болуы керек?

Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болуы керек?
Рюкзак салмағы оқушының дене салмағының 10–15%-нан аспауы тиіс, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "News.ru"-ге сілтеме жасап. Педиатр Рамил Шахвеледовтың айтуынша, егер баланың салмағы 30 кг болса, оның сөмкесі 3 кг-нан ауыр болмауы керек. "Бұл омыртқаға және арқа бұлшықеттеріне артық күш түсірмеуге көмектеседі", - дейді дәрігер. Рюкзак - мектепке қажетті негізгі құралдың бірі. Бірақ ауыр сөмкелердің денсаулыққа қаупі жайлы ұмытпау керек. "Ауыр сөмке арқаның ауыруына, омыртқаның қисаюына және тіпті сколиоздың пайда болуына әкелуі мүмкін", - деп ескертті маман. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 
Барлық жаңалықтар