"Сауабыңды алайын": Сәләфиттерден қорлық көрген келіншек олардың сорақы тірліктерін айтты (ВИДЕО)

"Сауабыңды алайын": Сәләфиттерден қорлық көрген келіншек олардың сорақы тірліктерін айтты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде сәләфиттердің біріне әйел болған қазақ қызы басынан өткен масқара жағдайды айтып, Қазақстанда сәләфиттердің заңсыз тірліктеріне байланысты өз құқықтарының қорғалмайтынын айтты деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде сәләфиттердің сұмдық тірліктері туралы алғаш рет бар шындықты шырылдап айтып, елге танылған Раяна Мұхамбетжанқызы өзінің парақшасында өзі сияқты тағы бір жәбір көрген қыздың видеосын бөлісті. 

Видеодағы қыз сәләфиттің әйелі болғанын айтып: "Оларда тек еркектің құқығы ғана қорғалады. Тек еркек "прав" деп шығарады. Ешкім сені қорғамайды.

Октам ұстазға бардық. Ол кісі де "талақ бергені дұрыс емес" деді. Талақ берген күйеуіңнің достарына "не істеп кетті достарың, мынау енді не болды" деп барсаң, "қоя сал, басқасына күйеуге шыға сал, бұлай жүрме" дейді. 

Ал біреулері тіпті келіп "саған сауап жасағым келеді" деп келеді", - деп жылап өздерін қорлап жүрген сәләфиттердің айыбын ашты. 

Бұл қыздың сөздерінен түсінгеніміз, Қазақстандағы сәләфит діндарлар қалаған әйелді қойнына алып, қаламаған күні "талақ" деп тастап, басқасын алып, ойларына келгенін жасап жүрген сияқты. 

Ал әр еркектен талақ алған қыздарды "сауабыңды алайын" деп басқалары пайдаланады екен. Қорыта айтқанда, қазақстандық кей діндарлар жұмақты осы жерде-ақ сүріп жатқан сияқы ғой?! Оларға әйелді сыйлау деген ұғым жат тәрізді. 

Ал мұндай қолдан-қолға өткен қыздардың тағдырына кімді кінәлі деуге болады? Заңнан хабары жоқ, сауат деңгейі төмен қыздарды ма, әлде осыларды ұтымды пайдаланып, нәпсісінің құлына айналған дүмшелерді ме?

 

 

Барлық жаңалықтар