"Рүстем Жүгінісовтің бірінші әйелі мазамды алды" деген блогер кей діндардың масқарасын ашты

"Рүстем Жүгінісовтің бірінші әйелі мазамды алды" деген блогер кей діндардың масқарасын ашты

Қазақстандық сәләфиттердің ішінде жүріп, талай сұмдықтар мен масқара жайттарды өз көзімен көрген блогер Раяна Мұхамбетжанқызы танымал әнші Рүстем Жүгінісовтің өзінен кешірім сұрағанын айтты деп жазады Democrat.kz.

Раяна Мұхамбетжанқызы біздегі сәләфиттердің біріне тұрмысқа шығып, ақырында тағдыры талқандалған қыздарымыздың бірі. Раяна туралы Democrat.kz. сайты бірнеше рет мақала жазған болатын. 

Блогер Раяна бұл жолы өзіне танымал әнші Рүстем Жүгінісовтің бірінші әйелі хабарласып, мазасын алып жатқанын айтып: "Мен шейх емеспін, өз мәселелеріңді өздерің шешіңдер десем, миды шірітіп қоймай жатыр", - деп мәлімдеді. 

Еске салып өтейік, Рүстем Жүгінісов сахнада әнін айтып, әжептәуір танылған жігіт еді. Кейінірек дінге кетіп, өнерін шетке ысырды. Рүстемнің бірнеше әйелі барын осы блогер Раяна айтқан болатын. 

Жүгінісовтің бірінші әйелінің блогерге қандай көмек сұрап, хабарласып жүргені беймәлім. Десек те, сәләфиттерден көрген қорлықтарын айтып, блогер Раянаға хабарласатын қыздар саны күн санап артып жатқаны сөзсіз. 

Барлық жаңалықтар