"О дүниеден өлілердің сәлемдемесін алып келдім" деген шетпелік апамыз құдаймен де тілдескенін айтты (ВИДЕО)

"О дүниеден өлілердің сәлемдемесін алып келдім" деген шетпелік апамыз құдаймен де тілдескенін айтты (ВИДЕО)

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны, зейнеткер апамыз о дүниеге барып келгенін айтып, ол жақтан аруақтардың өзіне не айтқанын баяндады деп жазады Democrat.kz.

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған бұл видео қызу талқыға түсті. "2013 жылы ота жасалып, өлім ауылына барып қайттым. Сол жақта өлілердің тірілерге айтқан сөздері мені қатты таңғалдырды. 

Шыбын жаным шырқырап, о дүниеге өткенде, алдымнан шыққан аруақтар "тірілерге айта баршы, өлген адамның артында қалғандар ас беріп, аруақтарды жиі еске алып тұрсыншы. Бұл жақта өзін ұмытып, алақан жасап, дұға етпеген аруақтардың жағдайы өте жаман болады",- деп сәлем айтты. 

Осыны балама "кеше сенің дос балаң қайтыс болды, жаназасына бармадың" деп айтқанымда, "қойыңызшы, қайдағыны айтпай, кім сенеді бұған" деді. Іштей балама біраз ренжіп қалдым. 

Ертеңіне таң атпай балам есігімді қағып тұр. "Мама, аруақтар түнімен ұйықтатпады. Менің жаназамда болмадың" деп әбден мазалады", - деп келіп тұр. 

Бүгін түнде ғана түсімде "асқа бара жатсың ғой, сол жерде айтшы, жастар садақа, ас берсін. Аруақтар ана жақта дәметіп жатыр" деп жеткізші", - деп бір топ кісі айналып жүрді. Түсімде келетін аруақтар "егер біздің айтқанымызды тірілерге жеткізбесең, бір мүшеңнен айырыласың" деп ескертті", - деген апамыз шама келсе, өлген кісілерді үнемі еске алып, ас беріп, алақан жайып тұруды ескертті. 

"Құдаймен де кездестім. Құдайдың бірінші сұрағы "көршіңмен татусың ба?" болды. Құдай маған тал егуді бұйырды. 67 жасыңда келесің бізге. Ол жақта өмір керемет", - деген шетпелік апамыз бұл өмірде дүние жинап керегі жоғын айтты. 

Барлық жаңалықтар