Белсенді ұстаз Сұлтан Сүлеев педагогтарды еңбегіне қарай бағалау мәселесіне қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Екі күн бұрын әзілдеп бар жоғы бір екі сөйлем жазып едім. Награда алмағандар қосылып шәй ішейік дегендей . Фейсбуктың алгоритмімен қарасаң өте көп қаралым болыпты. 62500 адам қарапты.
https://www.facebook.com/share/p/1AsjcXzMdS/
Шәй ішкісі келгендер де, жәй отырғандар да бір көсіліпті. Сөйлемнің өзінде тұрған ештеңе жоқ. Халық мемлекеттің соңғы наградтауға қатысты ойын білдіріпті.
Өте көп негатив байқадым.Жекеме келген хат өте көп Кей комменттерді оқу мүмкін емес. Сондықтан кейбірін өшіріп тастауға тура келді.
Мынау азық-түлік қымбаттап жатқан кезде несіне жетісіп елге темір үлестіріп жатыр?
Неге анау алады ,мен неге шет қалдым? Менің еңбегім онан да көп.
Тик-ток директорға қай еңбегі үшін Ерен еңбегі медалін берді? Министр тик-токта көп отырғаны үшін бе?
Қызылорда облысы әкімінің әпекесі Алматы әкімінің қолынан Құрмет орденін қай еңбегі үшін алды? Звонок болды ма депті.
Экранға шыққанына елу жылдан асқан Қыз Жібек апайымыз Халық әртісі атағын кеше ғана алды.
Бұрын да қосақ арасында жүріп марапат алғандар жеткілікті болатын. 2017-20 жылдары педагогтың марапаты ашық сатылды.
Маған да ұсынған мессенджер арқылы. Екі-үш рет. 120 мың теңге. Ол кезде 120 мың теңге бағалы болатын. Мұғалімнің бір айлығы. Кәзіргімен есептегенде шамамен 300-400 мыңдық күші бар.
Мейлі ғой. Ел жаза береді. Бірақ осы соңғы марапаттау науқаны халықтың шымбайына неге қатты батты?
Мәселе осында. Өткенде жаңа министр креслосына отырмай жатып бір Алматыда үш тарихшыға Еңбек сіңірген қайраткер атағын бергізді деген кәуесетке қатысты Шымкенттік педагог мәселе көтеріп еді. Ол атақтың артында 4 млн теңге тұр. Министр педагогке жауап беріпті.
Министр ,мен білмеймін , оларды алдыңғы министр ұсынып кетті деп жауап беріпті. Министр айтса әділін айтады деп отырмыз. Сенгіміз келеді...
Бір тарихшыны,Гүлмираны білемін. Нағыз лайықты тұлға.Қыз Жібек апай сияқты кеш алғанына мен де таң қалып отырмын. Демек рахметті бұрынғы министрге айту керек. Ал қалған екі тарихшы танымаймын. Білмеймін.
Наградтауды қоя тұрайық. Жақында Өрлеудің курсын аяқтаған педагогтер шағымын айтады. Жобаны қорғамаған, курс бойынша бір ауыз пікір айтпағандар ең жоғары балл алды дейді. Ал сол жерде өліп-тіріліп жұмыс жасап, жобаны лайықты қорғағандар олардан төмен балл алдық.
Барлығына сертификат тапсырылыпты. Сертификаттағы балл айлыққа әсері жоқ. Ол қызыл-көк болып бөлінбейді.
Бірақ мұғалімдер бала сияқты, әділдікті сүйетін кісілер. Сондайды көргенде ренжідік деп отыр. Былай қарасаң майда-шүйде болуы мүмкін. Бірақ үлкен әділетсіздік кішкентай қадамнан басталады.
Марапаттауға деген теріс пікір де осындай мелочтарды көріп жүрген мұғалімдердің пікірін қалыптастырады. Педагогтердің жұмысын ешқандай таразыға салып өлшей алмайсың.
Ол шахтер емес. Қазған көмірімен анықтай салатын . Ол бағбан емес, өсірген ағашын санап баға беретін. Менің оқырмандарымның жартысы педагогтер . Егер педагогтер жоғардағыдай теріс пікір білдірсе ,мараптатау шарасын түбегейлі қарайтын кез келді.
ПС:СЫ. мен сияқты саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы философтар бір-екі сөзбен ақ халықтың көңіл күйін зерттей алады.
Және оған анықтама да жаза алады. Ол үшін зерттеу институттарына ақша бөліп шығынданудың керегі жоқ . Мелочь -тар дегенде жұмсақ белгі(мягкий знак) түсіп қала ма, Дәмеш апай? Мен жоғарыда мелочтар деп жаздым.
Ал айтылған мәселені "мелочь" деп ойламаймын"деп
жазды Сұлтан Сүлеев.