Танымал блогер, кәсіпкер Сәбина Мавлоева бала күнінде көп таяқ жегенін айтып, жан сырын ақтарды деп жазады Democrat.kz.
"Әкем кішкентайымда өте көп ұратын. Білмеймін неге, әйтеуір өте көп ұратын мені.
Көп ұратыны сонша, ығырым шыққан. Не болса, соған ұра беретін.
Қазір әкем інілеріме айтады екен "өкінемін, қызымды көп ұрғаныма" деп. Бірақ мені ұрды екен деп әкеме еш ренжіген емеспін. Жақсы көрем әкемді" дейді Сәбина Мавлоева.