Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова "Періште" фильміне қатысты пікір білдіріп, жұртты да жылатты, өзі де жылады деп жазады Democrat.kz.
"Періште" фильмінің көрсетіліміне арнайы келген Мөлдір Мұқанова бұл кинода көрсетілген жағдайларды сөз етіп, алған әсері туралы пікір білдірді.
"Ер азаматтың бір қателігі қаншама тағдырларды талқандайды. Сүйген адамымның басқа әйелден баласы барын, мұның қандай ауыр болатыны туралы арнайы сұхбатта ашық айтқанмын.
Отбасына сатқындық жасаған еркек те, әйел де жақсылыққа жетеді деп ойламаймын. Қол орамалып фильм біткенше су болды.
"Періште" фильмі шынайы өмірге құрылған екен. Осы фильмнен түйгенім, өз туған баласы болмаса да, ана мен баланың арасындағы махаббаттың ең үлкен махаббат екенін тағы бір рет мойындадым", деген Мөлдір Мұқанова көзіне толған жасты ұстай алмады.
Анасымен бірге осы киноға келген қызы Айымның да кино залында көзінде мөлділдеген жасын көрген жұрт көз жастарына ерік берді.
Видеоның астына жазылған бүкіл пікір Мөлдір Мұқанова мен балаларына бақыт тілеген сөздерге толды.