Президент Тоқаев: "Назарбаевтың – қазіргі заманғы тарихымыздағы алғашқы президенттің тарихи рөлін мойындауымыз керек"

Президент Тоқаев: "Назарбаевтың – қазіргі заманғы тарихымыздағы алғашқы президенттің тарихи рөлін мойындауымыз керек"

Президент Тоқаев Al-Jazira арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында тілші Мемлекет басшысына сыртқа кеткен ақшалар туралы сауал қойды.

"Сіздер белгілі бір жетістіктерге жеттіңіздер – тергеулер жүргізілді, ұрлық фактілері бойынша үкімдер шықты. Менің білуімше, 1,2 миллиард доллар қайтарылды. Бірақ кейбіреулер бұл жұмыстың әлі толық аяқталмағанын айтады. Назарбаевқа қатысы бар бірқатар маңызды құрылымдар (Назарбаев қоры, Halyk Bank және т.б.) әлі де терең тексеруден өткен жоқ. Бұл жөнінде не ойлайсыз?" Қасым-Жомарт Тоқаев елде ұрлық фактілері болғанын растады және осы бағыттағы тергеулердің жалғасып жатқанын айтты. "Әрине, біздің жұмысымызға сын айтылып та жатыр. Бірақ біз көп нәрсе жасадық – әрі оның бәрі халқымыз бен қоғамымыздың игілігі үшін. Сонымен қатар, біз Назарбаевтың – қазіргі заманғы тарихымыздағы алғашқы президенттің тарихи рөлін мойындауымыз керек. Иә, қателіктер болды, сіз айтқандай, ұрлықтар да болды. Біз тергеу жүргізіп жатырмыз, бұл процесс жалғасады. Бірақ мен Қазақстанда бүлік ұйымдастырмақ емеспін, өйткені бұл елімдегі жағдайдың тұрақсыздануына алып келер еді", – деді Тоқаев. Сұхбат барысында мемлекет басшысы мұнай экспортын, нақтырақ айтқанда, Қазақстанның Ресей арқылы өтетін бағытқа тәуелділігі мәселесін де қозғады. Бұл жөнінде бұған дейін толығырақ жазылған.
Барлық жаңалықтар