Психолог-коучке сенген әйел жезөкшеге айналып кетті

Психолог-коучке  сенген әйел жезөкшеге айналып кетті

"Түпсанаңды тазарт", "ата тегіңдегі қарғыс", "карма" дегендермен жұртты ақымақ ететін коуч, психолог, тәуіптердің кесірінен ресейлік Мария есімді келіншек жезөкшеліктен бір-ақ шыққан деп жазады Democrat.kz.

Мария таныстары арқылы психикалық денсаулығын жақсарту үшін психологты, "жанды емдеу бойынша сарапшы" адамға жүгінеді. Әлгі психолог, білгіш қызды менталитет проблемаларына байланысты өлуі мүмкін деп сендірген. 

Қыз қорқып, 8 миллион рубльге несие алып, "емдеуді"жалғастырады. Қарызға белшесінен батқан Мария "емдегіш психологқа" баруды тоқтатқысы келгенімен, әлгі "емдегіш психологтың" "қорғаушылары" әлеуметтік желілерде  сеанстарды жалғастыруды талап етіп, пікірлерді боратып жазады. 

"Емдегіш, тәуіптің" ғажайыптары мен кереметтерін айтып, қала берді егер сеансты тоқтатса, үлкен қарғысқа қалатынын да ескерткен жазбалардан соң, Мария амалсыз "ем курсын" жалғастырады. 

Осылайша Марияның миын "әбден шайған" психолог оны ақырында Арменияға жезеөкшелікке кетуге көндіреді. 

Оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Барлық жаңалықтар