Қайрат Сатыбалдының тоқалы Райымбек Баталовтың масқарасын шығарды

Қайрат Сатыбалдының тоқалы Райымбек Баталовтың масқарасын шығарды

Жалпы жұртқа Қайрат Сатыбалдының тоқалы деген атпен танылған Асылжан Есенқызы қазіргі кезде далада қалғанын айтып, бұл жағдайға қатысы бар танымал тұлғалардың атын атады деп жазады Democrat.kz.

Қайрат Сатыбалдының тоқалы Асылжан Есенқызы қолында науқас баласымен далада қалғанын айтады. 

Мұнан бөлек, Қайрат Сатыбалдының баласына алимент төлемейтінін айтқан күннен бастап, түрлі қысымдарға тап болғанын айтып: "Сот менсіз шешім шығарып, алимент төлемеуге шешім шығарған. Бұл аздай, баспанасыз далада қалдырмақ", деп науқас баласымен далада қалуына себепшілердің бірі танымал кәсіпкер Райымбек Баталов екенін атап өтті. 

Асылжан Есенқызының айтуынша, баласымен бірге тұрып жатқан үй өздерінен хабарсыз, сырттай сатылып кеткен. 

Қайрат Сатыбалды әперген бұл үйді кәсіпкер Райымбек Баталов сатып алған көрінеді. Асылжан Есенқызы сот, нотариус, Қайрат Сатыбалды, Райымбек Баталов бірлесе отырып әрекет еткенін айтады.

Осы туралы әлеуметтік желіде жазба жариялаған, сұхбат берген Асылжан Есенқызының үстінен Райымбек Баталов "жала жапты" деп сотқа арыз түсірген. 

Барлық жаңалықтар