"Qaitadan" фильмі прокаттан 1 миллиард теңге жинады

"Qaitadan" фильмі прокаттан 1 миллиард теңге жинады

Су тасқыны туралы түсірген "Qaitadan" фильмі рекорд жаңартып, 1 миллиард теңге жинады.

Қуанышты жаңалықты Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

 

"Қазақстандық режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды фильмі "QAITADAN" үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокатта көш бастады. Фильм – кино өндірісіне жұмсалған мемлекет қаражатынан бес есе артық табыс тапқан алғашқы жоба", – делінген баспасөз хабарламасында.

 

Айта кетейік, "Qaitadan" – қазақ киносының жаңа белеске көтерілгенін айғақтайтын фильм. 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанған бұл жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген еді.

Democrat.kz.

Барлық жаңалықтар