"Қаншалықты тиімді?": Бірқатар мектепте жаңа оқулықтарды сынақтан өткізу басталды

"Қаншалықты тиімді?": Бірқатар мектепте жаңа оқулықтарды сынақтан өткізу басталды

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған жаңа оқулықтарды сынақтан өткізу басталды. 29 қыркүйектен бастап еліміздің 34 пилоттық мектебінде бірқатар пән бойынша жаңа оқулықтар апробациядан өтеді, деп жазады Democrat.kz.

Сынаққа 4-сынып пен 7–10-сыныптарға арналған оқулықтар енгізілген.

4-сынып оқушылары үшін қазақ тілі, орыс тілі, математика, дүниетану және әдебиеттік оқу оқулықтары тексеріледі.

Ал 7–10-сыныптарда дүниежүзі тарихы, алгебра, қазақ тілі, химия, биология, физика, география, құқық негіздері және шетел тілдеріне арналған кітаптар апробациядан өтпек.

Бұл кезеңде мұғалімдер мен оқушылар оқулықтардың мазмұнын, тапсырмалардың түсініктілігін, тақырыптардың берілу ретін және оқу бағдарламасына сәйкестігін практика жүзінде тексереді.

Апробациядан кейін оқулықтар қайта қаралып, сарапшылар қорытындысы шығарылуға тиіс. Тек бірнеше кезеңнен өткен кітаптар ғана мектептерде пайдалануға ұсынылады.

Яғни қазір оқушы қолына түскен кітаптардың барлығы бірден тұрақты оқулық болып бекітілмейді. Алдымен олардың мектеп жағдайында қаншалықты тиімді екені тексерілмек.

Барлық жаңалықтар