Астанада тозығы жеткен үйде 20 жылдан бері тұрып жатқан параспортшы көмекке мұқтаж. Сал ауруымен ауыратын азаматтың жалдамалы үйі құлаудың аз-ақ алдында тұр.Оның үстіне, бала кезден туыстарының тарапынан қиянат көріп, жәрдемақысынан да қағылған көрінеді. Темірді иіп, тағдырмен күресіп жүрген ауыр атлетика шебері жанайқайын жеткізді,деп жазады Democrat.kz. сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна дерегінше, қиындықпен жалғыз алысып келе жатқан Ғани Рахымжан тозығы жеткен, шатыры шұрық-тесік үйдің бір бұрышында тұрып жатқанына 20 жылдан асқан. Құлаудың аз-ақ алдында тұрған баспананың жаңбыр жауса, төбесінен су сорғалап, әбден берекесін қашырған.
“Осы жерде жуынамын. Қыста пеш жағамыз, көмір пайдаланамыз, ағашпен көмір жағамыз. Мына жерде киімімді ауыстырып, жататын бөлме, кейде қыста қабырғасы өте суық болады”, - дейді ол.
37 жастағы Ғанидің сал ауруының кесірінен талай жолы жабылған. Айтуынша, тіпті туған анасы бала кезден бері жәрдемақысын бермей, емдетпеген де.
“Жәрдемақымды анам алып жүрген. Шынымды айтсам, жаныма бататыны сол. Өйткені, мен, мысалы, қалаға бірге оқитын балалармен барғанда, солардың қасында ақшасыз отырғанда, өзімді қарабет болғандай сезінемін”, - дейді Ғани Рақымжан.
Параспортшының есту қабілеті де нашар. Есту құрылғысын жоғалтып алғалы, “көрген күнім азап” дейді. Бір аяғының қысқалығымен жұмысқа барып-келуінің өзі мұң. Қазір Паралимпиадалық орталықтың жаттығу залында нұсқаушы болып жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіп жүріп, өзі де ауыр атлетикадан жарыстарға дайындалады.
"Қарабет болғандай сезінемін" деген спортшының қазіргі жағдайы жұртты алаңдатты
Фото видеодан скринделді.
-
-
Министр Сүлейменова жаңа оқу жылына қатысты мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді12:31, 28 шілде 2026
7
-
Қазақстан құрамасы Халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды12:29, 28 шілде 2026
8
-
Министр Жұлдыз Сүлейменова жұртқа сұрау салып, мәлімдеме жасады12:00, 28 шілде 2026
114
-
Алтынай Жорабаеваның қызына ең қымбат қалыңмал сомасы берілді11:32, 28 шілде 2026
66
-
"Қылмыстық жауапқа тартылуы керек!": Динара Сәтжан мәлімдеме жасады11:00, 28 шілде 2026
39
-
Ипотеканың алғашқы жарнасын мемлекет төлеп бере алады: Тұрғын үй сертификатын кімдер алады?10:33, 28 шілде 2026
51
-
Науқас қызды пәтерде күні бойы зорлап, қорлаған: Зардап шеккен қыздың анасы әділдік іздеп жүр10:00, 28 шілде 2026
78
-
"Иманың жолдас болсын": Әнші Дастан Оразбеков қаралы хабарды жеткізді09:53, 28 шілде 2026
39
-
"Мені халық жауы қылыпсыздар" деген Супер тамада өзін сынағандарға жауап берді09:33, 28 шілде 2026
78
-
"Хан" тамаданың тағы бір сұмдық видеосы тарады (ВИДЕО)
13:00, 23 сәуір 2026
29459
-
Эротикалық видеосы тараған тамада туралы тағы бір масқара белгілі болды
14:00, 20 сәуір 2026
16374
-
Колледждегі масқара интим видео тарады (ВИДЕО)
11:00, 04 мамыр 2026
15374
-
"...жоғалтып алдық"деген Н.Назарбаев үлкен қайғысын жеткізді
17:00, 23 маусым 2026
11208
-
Блогер Жузефина:"Ұят видеомды Абай Бегейдің қызы таратып жіберді" (ВИДЕО)
11:00, 29 сәуір 2026
9380
-
"Жиіркенішті": "Хан" тамаданың тағы бір масқара видеосы тарады
19:00, 10 мамыр 2026
8796
-
Гуанжоуда Дариға Назарбаеваны көрген қыздар қатты шошығанын айтты
14:00, 03 мамыр 2026
8589
-
Бір топ азамат министр Сүлейменованың үстінен Президентке шағымданды
11:00, 03 шілде 2026
7200
-
-
Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен кімдер қандай арыз түсіргені мәлім болды
16:00, 03 шілде 2026
6908