Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бастауыш сыныптардағы тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) мен бөлім бойынша жиынтық бағалау жүйесін қайта қарау қажеттігін айтып, жұртшылықтың пікірін сұрады деп жазады Democrat.kz.
Қазіргі жүйе бойынша ТЖБ тоқсандық бағаның 50 пайызын құрайды. Бала барлық тоқсан бойы тырысып оқығанымен, ТЖБ кезінде сүрінсе, бұл оның бүкіл бағасына кері әсер етеді. Министр бұл тәсілдің әділетсіз екенін атап өтіп, бұл мәселені көпшілікпен бірге талқылауды ұсынды.
"Біздің ойымызша, бұл әділетті емес. Бала БжБ, ТжБ бағасынан алған төмен бағасы үшін әділетсіздік көрмеуі керек. Сіздермен осы БжБ, ТжБ бағалау жүйесін алып тастау бойынша ақылдасқым келеді.
Бала күнделікті сабаққа қатысып, күнделікті сабақтан тиісті бағасын алып жүрген балаға БжБ, ТжБ бағалаудан алған төмен бағасы әсер етсе, әділетсіздік емес. Сондықтан, бастауышта БжБ, ТжБ бағалау жүйесін алып тастап, жалпы бағалау жүйесін енгізсек деп отырмыз, сіздің ойыңыз қалай?", - деді Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.