Танымал фембике, қоғам белсендісі Айгерім Құсайынқызы Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың әзіліне жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, ІТ маманы "Өкінішке қарай, мен мұнда жар іздеуге келмедім" деп әзілдеген еді.
“Құрметті Павел Дуров мырза! Қазақстанға келіп, жасанды интеллект туралы пікір бөліскеніңіз үшін алғыс айтамыз. Алайда бір ескертпеміз бар: “Қазақстанға жар іздеуге келеді”деген қалжыңыңыз біздің қоғамда кең талқыға түсіп жатыр. Көшпенді қазақ қоғамының әйелдері үнемі объект емес, өзгерістің агенттері болған. Ал біз – сол ұрпақтың жалғасымыз. Біз экспорттайтынымыз – білім, технология және адам құқықтарына құрмет", – деп жазды Айгерім.