"Қазақстан халқына" қоры тегін 350 білім грантын бөлді: Кімдер ала алады?

"Қазақстан халқына" қоры тегін 350 білім грантын бөлді: Кімдер ала алады?

2026-2027 оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қайырымдылық бағдарламасы аясында талапкерлердің жоғары оқу орындарында білім алуына 350 білім беру грантын бөлді деп хабарлайды Democrat.kz.

Білім беру грантына ауылдық елді мекендер, шағын және моноқалалар мектептерінің 25 жасқа дейінгі (қоса алғанда) түлектері төмендегі санаттардың біріне жататын жағдайда үміткер бола алады:

✅жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
✅мүгедектігі бар тұлғалар;
✅мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары, сондай-ақ ата-анасының мүгедектігі бар талапкерлер.

Білім беру грантының иегерлеріне оқу ақысы жылына 1 миллион теңгеге дейін төленеді. Сонымен қатар оқу кезеңінде ай сайын 60 мың теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалады. Шәкіртақы жыл сайын жазғы демалыс кезеңін қоспағанда 10 ай бойы төленеді.

Барлық жаңалықтар