Қазақстан мен Моңғолия сауда көлемін бес есе арттырмақ

Қазақстан мен Моңғолия сауда көлемін бес есе арттырмақ

Қазақстан мен Моңғолия екі ел арасындағы сауда айналымын бес есе ұлғайту жөніндегі жұмысты жеделдетуге келісті. Тараптар көлік, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және инвестиция салаларындағы жаңа жобаларды талқылады, деп жазады Democrat.kz.

Келіссөз Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев пен Моңғолия премьер-министрінің орынбасары Н.Номтойбаярдың кездесуі барысында өтті.

Тараптар мемлекет басшылары деңгейінде бұрын жасалған келісімдердің орындалуын қарастырды.

Негізгі міндеттердің бірі — өзара сауда көлемін бес есе арттыру.

Қазақстан мен Моңғолия географиялық тұрғыда жақын орналасқанымен, екі елдің ортақ шекарасы жоқ. Сондықтан жүк тасымалы Қытай немесе Ресей аумағы арқылы жүргізіледі.

Осыған байланысты көлік-логистика бағыттарын дамыту сауданы арттырудың негізгі шарттарының бірі саналады.

Кездесуде ауыл шаруашылығы, цифрландыру, өнеркәсіп және инвестициялық жобалар да талқыланды.

Қазақстан тарапы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі көлемі әлеуетке толық сәйкес келмейтінін атап өтті. 

Барлық жаңалықтар