Қазақстанда 11,9 млн жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Қазақстанда 11,9 млн жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Жыл басынан бері Қазақстан жолдарында 11,9 млн құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 19 мыңнан астам жүргізуші көлікті мас күйінде басқарса, 247 мыңнан астам адам рөлде телефон пайдаланған, деп жазады Democrat.kz.

Ішкі істер министрлігі тоғыз айдағы жол қауіпсіздігі статистикасын жариялады.

Полиция биыл қауіпті дрифт жасаудың 386 дерегін тоқтатқан. 59 жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, 142 автомобиль айып тұрағына жіберілген. 

Ең жиі кездесетін проблемалардың бірі — рөлде телефон пайдалану. Мұндай 247 мыңнан астам жағдай анықталған.

Ал 19 мыңнан астам жүргізуші мас күйінде көлік басқарған.

2,4 мың адам көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сонымен қатар жалпы жол-көлік оқиғаларының саны 5 пайызға, апаттан жарақат алғандар 7 пайызға, қаза болғандар 16 пайызға азайған.

ІІМ әкімдіктермен бірлесіп апат қаупі жоғары жол учаскелерін қайта қарауды және түнгі жарыс пен қауіпті дрифтке қарсы бақылауды күшейтуді тапсырды. 

Барлық жаңалықтар