Қазақстаннан Швейцарияға тікелей рейс ашылуы мүмкін: аптасына 28 рейске рұқсат берілді

Қазақстаннан Швейцарияға тікелей рейс ашылуы мүмкін: аптасына 28 рейске рұқсат берілді

Қазақстан мен Швейцарияның авиациялық билігі екі ел арасында аптасына 28 жолаушылар рейсін орындауға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойды. Швейцария тарапы Қазақстанға тікелей тұрақты рейс ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады Democrat.kz.

Келіссөздер Астанада өтті. Қазақстан делегациясын Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, Швейцария делегациясын Федералдық азаматтық авиация әкімшілігінің өкілі Лоран Ноэль басқарған.

Кездесуге Air Astana, SCAT, SWISS International Air Lines және Базель әуежайының өкілдері де қатысқан.

Қол қойылған меморандум екі ел тағайындаған әуе компанияларына аптасына 28 жолаушылар рейсіне дейін орындауға құқық береді.

Жүк тасымалы бойынша рейс жиілігі мен сыйымдылығына қойылатын шектеулер алынып тасталған.

Сонымен бірге тараптар болашақ әуе қатынасы туралы келісім жобасының мәтінін келіскен.

Швейцария Қазақстанға тұрақты тікелей рейстер ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Яғни әзірге Қазақстан–Швейцария тікелей рейсі ашылған жоқ. Құқықтық мүмкіндік жасалды, ал нақты бағыт, әуе компаниясы және ұшу күні кейін жариялануы мүмкін.

 

Барлық жаңалықтар