Танымал продюсер Баян Алагөзова "Қыз Жібек" рөлін сомдаған атақты актриса Меруерт Өтекешова өзіне құнды жәдігерді сыйға тартқанын айтып, арнайы видео бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Продюсер Баян Мақсатқызы: "Үстімдегі кеудешені атақты актрисамыз Меруерт Өтекешованың өзі арнайы сыйға тартты.
Бұл камзолды Меруерт Өтекешова "Қыз Жібек" фильмінде киген. Гүлфайруз Исмаилованың өзі қолдан тігіп берген бұл камзол ендігі жерде менің жаңа байқауларымның ең құнды жәдігеріне айналады.
Алдағы "Қазақ аруы" байқауын Меруерт апайдың құрметіне өткізуді жоспарлап отырмын. Мен ең ерекше құрмет көрсететін тұлғаның бірі Меруерт апай", деген Баян Алагөзова шексіз алғысын білдірді.