Қазақстанның жаңа бір палаталы парламенті — Құрылтайдың алғашқы шақырылымындағы саяси күштердің арақатынасы анықталды. 145 депутаттық мандаттың 110-ы «Әділет» партиясына тиесілі болды, деп жазады Democrat.kz.
Әділет партиясы саяси кеңесінің бюросы 27 тамызда мандат алатын 110 кандидаттың тізімін бекітті.
Сайлау қорытындысында партия 71,17 пайыз дауыс жинаған.
Осының нәтижесінде Құрылтайдағы әр төрт депутаттың шамамен үшеуі осы саяси ұйымның өкілі болады.
Қалған төрт партияға жалпы 35 мандат тиесілі.
Жаңа депутаттардың орташа жасы 46,7 жас деп көрсетілген.
Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда Астанада өтеді.