Қытай Ертіс арқылы Арктикаға шығатын жаңа сауда бағытын қарастырып жатыр

Қытай Ертіс арқылы Арктикаға шығатын жаңа сауда бағытын қарастырып жатыр

Қытай мен Ресей Ертіс пен Обь өзендерін пайдаланып, Қытайды Арктикамен байланыстыратын жаңа ішкі су жолын құру мүмкіндігін зерттеп жатыр. Маршрут Қазақстан аумағы арқылы өтуі мүмкін, өйткені Ертістің шамамен 1800 шақырымы еліміздің үш өңірін кесіп өтеді, деп жазады Democrat.kz.

Бұл туралы South China Morning Post мәліметіне сүйенген халықаралық және қазақстандық басылымдар хабарлады.

Ертістің жалпы ұзындығы шамамен 4248 шақырым.

Өзен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан басталып, Қазақстанға өтеді.

Қазақстан аумағында Ертіс Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстары арқылы ағады.

Одан кейін Ресейге өтіп, Обь өзеніне қосылады. Обь әрі қарай Солтүстік Мұзды мұхитқа шығады.

Егер жоба техникалық және экономикалық жағынан жүзеге асса, Қытай тауарларын ішкі өзен жолымен Арктика бағытына шығарудың балама мүмкіндігі пайда болуы ықтимал.

Әзірге бұл іске асырылып жатқан дайын жоба емес, зерттеліп жатқан логистикалық мүмкіндік ретінде сипатталуда. 

Барлық жаңалықтар