Роза Әлқожа діндар шалды заңды және шариғи жауапқа тартуды сұрады

Роза Әлқожа діндар шалды заңды және шариғи жауапқа тартуды сұрады

Жетісайдағы тойлардың бірінде өте діндар кісі болса керек, тілек айтту кезінде той өткізу мен шариғи ілімін тықпалап, ерекше "тост" айтты деп жазады Democrat.kz.

Келіннің туысы көпшілік алдына шығып сөз сөйлеген сәтте той өткізу барысындағы “кемшіліктер” жайлы айта келіп:“Қазір арақ деген бәледен құтылдық. Енді екі зат бар. Бірі мына музыкадан құтылу керек. Екіншісі әйелдер мен еркектер бөлек отыруы керек. Мына әншілер маған қапа болмасын. Мына Роза қарындасымыз (Роза Әлқожа) келіп отыр екен. Оларсыз той өткізсек олар жұлдыз болмай қалады төмен түсіп. Шариғатта оларды “Шайтанның-азаншысы” дейді. Тамада жігіт келесі тойларда осыларды ескерсең”,-дейді ер адам.

Видеоны әнші Роза Әлқожа парақшасына жүктеп ер адамның айтқандары қандай да бір теріс ағымға келетініне күдігі барын айтқан. Әрі Жетісай әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен дін істер агенттігі мәселені қарауы керек деп есептейтінін жазды.

Роза Әлқожа парақшасында: "“Дүмше молда дін бұзар!”

Кеш жарық!
Біздің Жетісай бұрыннан имандылық пен дәстүрдің мекені. Үлкен жиын болмаса жай отырыста онсыз да ер мен әйел бөлініп отырады. Қанша тапса да қанағат тұтатын, қонағын құдайындай сыйлайтын қонақжай ел.

Қожасын пайғамбардың әулеті деп қадірлеген ел. Той иесі алтын құрсақты ана болсын деп ырым етіп, келін сәлем жасатқан. Біз де арнайы бардық сол үшін. Бірақ, құдалар тойға келмепті. Келін былайша сәлем салмайды екен. Ал мынау нағашылар жағынан шыққан ақсақал-сымақтың сөзі. Ханафи мәзхабымен жүрген аңқау елге арамза молда қайдан шыққан? Мені қойшы, тұтас музыканы харам деп тұрғаны қалай кетті?
Ақшасын берді деп айыптағанға үндемей кете береміз бе?
Кезінде пайғамбарымыз с.ғ.с Айша анамызға ән салдырған деген сөзді мына кісі естімеген бе?
Сонда кейбіреулер дін деп осынша төмендеп, басқа ағымға еріп кеткен бе? Төркінге барып тұрған қызға менің ағаларым бұлай сөйлемеуші еді, қайдан келген қырт? Кім біледі? Жетісай әкімшілігі ішкі саяси, діни ахуалды бақылайтын ешкім жоқ па?

Маған жасаған буллинг үшін жауап бола ма? Жеке басқа тиісу, қорлау бойынша қандай бап бар? Заңгерлер болса жаза отырыңыздар!
Ал, мұсылманда ше? Мұсылманның көңілін қалдыру қағбаны қиратқанмен тең деуші еді?!.
1. Төркінге барып тұрған қызбын.
2. Алыстан келіп тұрған жолаушымын.
3. Ілім қонған елдің ұрпағымын. Мен кешкенмен аруақ кеше ме?
4. Той иесінің арнайы шақырған сыйлы қонағымын.
Пәтуасын сіздер айтыңыздар!", - деп жазды. 

Барлық жаңалықтар