Руслан Өскенәлі: қауіпсіздікке қатысты ымыра болмайды

Руслан Өскенәлі: қауіпсіздікке қатысты ымыра болмайды

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі компания қызметкерлеріне өндірістік қауіпсіздік мәселесіне арналған арнайы бейнеүндеу жолдады деп хабарлайды democrat.kz сайты KAZAKHMYS телеграм арнасына сілтеп.

Үндеуде компания басшысы қауіпсіздік әрбір жұмыскердің негізгі құқығы екенін атап өтіп, өндірістік жоспар немесе мерзім үшін қауіпсіздік талаптарынан ешқашан бас тартуға болмайтынын айтты.

Сондай-ақ ол еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасауға басшылықтың ерекше жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін жеткізді.

Компания басшысының айтуынша, мұндай үндеу өндірістік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Барлық жаңалықтар